Жаһан жаңалықтары: Шіркеуде оқылған намазға священниктің өзі де қатысты
Жаһан жаңалықтары: Шіркеуде оқылған намазға священниктің өзі де қатысты
9 жыл бұрын 3644

Лондон орталығындағы әулие Джон шіркеуінде Джилс Годдард есімді священник шіркеуге мұсылмандарды тек намаз оқуға шақырып қана қоймай, өзі де жамағатпен ғибадат етті. Ол «біздің бір ғана ортақ құдайымыз – Алла» деп тіл қатқан екен. «Ватерлодағы әулие Джон шіркеуінің викариі шіркеуде намаз оқуға рұқсат етіп қана қоймай, өзі соған қатысып, ақтауға келмейтін ағаттыққа жол берді», - деп мәлімдеді Лондон қаласының маңындағы өзге шіркеудің тәлімгері Стивен Курт осы оқиғаға өз көзқарасын білдіре келіп. Консервативті христиандар Джилс Годдардты осы әрекеті үшін айыптап отыр. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Бұған Джилс Годдард былай жауап берді: «Біз Құдайды асқан жомарт иесі деп білеміз. Біздің құдайымыз бір, дәстүріміз ортақ».

 

Марқұмның сауапты ісі жалғасын табуда

Жуырда, дәлірегі, үстіміздегі жылдың ақпан айында АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында атеист Крейг Хикстің қолынан қаза тапқан Диа берекет есімді марқұмның көзі тірісінде бастап кеткен сауапты ісі жалғасын тауып жатыр. Бұл жайында Daily Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) ана дүниеде де сауабы тоқтамайтындар туралы өсиетін еске алсақ, арамыздан 23 жасында кетіп қалған діндес бауырымыздың қайырымды ісі оның ақыретте жетістікке жеткізетініне үміт етеміз. Марқұм көзі тірісінде «Босқындар күлкісі» деп аталатын акция ұйымдастырып, Түркиядағы сириялық босқын балалар үшін жылу жинау науқанын бастаған болатын. «Осы жазда мен сириялық босқын мектеп оқушыларына көмек көрсету үшін өзіммен бірге Түркияға 10 тіс дәрігерін ерте бардым»,- деп еді марқұм жобасымен таныстырғанда. Тегі палестиналық жігіт көзі тірісінде осы мақсатта 15000 доллар жинап үлгерген екен. Қайтыс болғанына үш күн өткеннен кейін бұл сома 300000 долларға дейін артты. Біршама уақыттапн кейін бұл қаражат жарты миллион долларға жетіп жығылды.

 

Оқушы 100 жұмысшыны түскі асқа шақырды

Сауд Арабиясы Jeel Al-Faisal мектебінің бастауыш сынып оқушысы қала көшелерінің тазалығына жауапты қара жұмысшыларға өз үйінде дастарқан жайды. Бұл жайында ummet.kz ақпарат көзі хабар таратты. Әззам Ахмет әл-Гамди есімді бұл балақай көше тазалықшыларының жұмыс кестесі мен тұрмысын біршама уақыт бақылағанын айтады. Осылай ойлана келе оқушы олардың қоғам үшін қаншалықты маңызды міндеттерді атқарып отырғанын көрсетіп, жұмысшыларға тосын сый жасауды ұйғарған. Осы оймен ол әкесіне ниетін жеткізіп, ата-анасынан 100 адамға түскі ас дайындауға көмектесуін сұрайды. Ал әкесі болса баласын одан әрі таңдандырып, бірден келісе кетеді. Әззам Ахмет әл-Гамди бүкіл қала тазалықшыларын түскі ас дастарханына шақыру мүмкін болмағанымен, алайда, мүмкіндігінше барша жұмысшыларының қалта телефондарына қоғам үшін өте қажетті маңызды қызмет атқарып жатқандығы туралы смс-хаттарын жіберуді мақсат етіп отыр. Ол осындай игі шараларды елдегі басқа да азаматтар ұйымдастыруға қолдау білдіретініне сенімді. Алайда, көпшілігі өздерінің жеке бас шаруаларымен уақыттары тие бермейтінін де ескеріп отыр.

 

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ БІРАЗ ТЫЙЫМНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛУЫ МҮМКІН

Пәкістанның Лахор қаласының ислам идеологиясы жөніндегі кеңесі әйелдердің білім алуына діни себеп бойынша салынған тыйымның, сондай-ақ, қалыңдық жасауы секілді орынсыз дәстүрге қарсы қаулының жобасын әзірлеп жатыр. Daily Times ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл жайында аталмыш кеңестің мүшесі Мұхаммед Тахир Мехмұд Әшрафи жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездескен кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, қыз баланың білім алуына кім кедергі келтірсе және қалыңдықтың отбасынан жасау талап етсе, міне, солар ислам дінінің үкімдеріне қарсы шығады. Ол пәкістандық ғалымдардың әйелдердің білім алу құқығын қорғауға бел буып отырғандығын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш кеңес оқытушы әйелдерді дайындауды жоспарлап отыр. Ал қыз баланы балиғат жасына толмай жатып үйлендіруді «феодализмнің сарқыншағы» деп бағалады.

 

Малайзия штаты халықаралық ислами білім беру орталығына айналуды көздейді

Малазияның Жоһор штатын әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер тарту арқылы алдыңғы қатарлы ислами беру орталығына айналдыруды жоспарлап ортырғандарын жеткізді ел билігі. Елдегі бірінші адам болып саналатын адамның, яғни, Малайзия премьер-министрінің аузынан шыққан сөздің салмағын екшесек, оның бұл жоспары түбінде орындалатынына сенесің. Ел премьері Мұхаммед Халед Нординнің айтуынша, аталмыш штатта ислами білім беру ісінің тарихы тым арыда жатыр. Бұл штатты осы заманғы алдыңғы қатарлы ислами білім беру орталығына айналдыру үшін барлық жағдай жасалатынын тілге тиек етті. Тұрмысы төмен студенттерді тегін тамақтандыру, т.б. Оның сөзіне қарағанда бұл штатта ислами білім беру жүйесі әлдеқашан қалыптасып қойған. Тек оны заман талабына сай жетілдіріп отыру керек. «Ислам дінін оқытудың ескі әдіс-тәсілі бүгінгі күнге жарамайды, оны уақыт өткен сайын жетілдіріп отыру керек. Ол жаңа технологияларды батыл енгізуіміз қажет», - деді ол. Ол дәрігер, инженер, заңгер, т.б. мамандықтарын қоса алып шығатын мұсылман мамандарын тәрбиелеуі тиіс.

0 пікір
Мұрағат