Израилдіктер сахабалар жерленген мазарды қирата бастады (видео)
Израилдіктер сахабалар жерленген мазарды қирата бастады (видео)
6 жыл бұрын 8692 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде тарап кеткен израилдік вандалдардың жаулап алынған Палестина жеріндегі сахабалар жерленген мазарды қиратып жатқа сәті бейнеленген видео исі мұсылманның ашу-ызасын тудыруда. Нақтырақ айтқанда, бұл арада Ақса мешіті маңында орын тепкен Баб әл-Рахм мазары жайында сөз болып отыр. Мұндағы ең көне зират шамамен VII ғасырға тиесілі. Осы мазарда екі сахаба жерленген: Убад ибн ас-Самит және Шадад ибн Аус. Израилдік табиғат және саябақтар басқармасының қызметкерлерінің сом балғамен және өзге құрал-сайманмен ежелгі мазарды қиратып жатқан сәті таспаға тартылып, әлеуметтік желіде жарияланған. Көп ұзамай бұл арада Ұлттық саябақ құрылысы жүрмек. 

 

0 пікір
Мұрағат