Израил сарбаздарының қылмысы әшкере болып қалды (ВИДЕО)
Израил сарбаздарының қылмысы әшкере болып қалды (ВИДЕО)
7 жыл бұрын 2768

Израилдіктер жаулап алған Иордан өзенінің батыс жағалауында орын тепкен Хеврон  қаласының көшелерінде тәртіпті қадағалайтын күштік құрылым қызметкерлері өздері қылмысқа барды. Нақтырақ айтқанда, аталған қалада электроника заттарын сататын палестиналықтың дүкеніне «арнайы операцияны», яғни, тексеруді желеу етіп, баса-көктеп кірген олар өздеріне ұнаған тауарды ақысын төлемей алып кеткен. Дүкен қожайыны олардың бұл әрекетін жасырын камерамен таспаға тартып алып, артынан ғаламторға салған және Израилдің қорғаныс әскеріне жіберген. Тек осыдан кейін ғана күштік құрылым қызметкерлері алған заттарын иесіне қайтырған.

0 пікір
Мұрағат