ИСИМ үшінші дүниежүзілік соғыстың «ошағына» айналады ма?
ИСИМ үшінші дүниежүзілік соғыстың «ошағына» айналады ма?
9 жыл бұрын 3695

Үшінші дүниежүзілік соғыс қайдағы бір қылмыскерлердің әпербақандығынан тұтана қоюы екіталай. Десе де, әлемдік саяси ойыншылардың тұрақтылығы шайқалған елдердегі түрлі мүддесін қаперге алсақ, бұл әбден мүмкін. Қауіп еткеннен айтады деп түсінсеңіз өз еркіңіз, әлде тағы бір құйрығын ұстатпайтын саяси құйтұрқылық десеңіз, өзіңіз білесіз, қалай айтсаңыз да, қалай атасаңыз да, сарапшылар мен саясаткерлер үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтану қаупін жоққа шығармайды. Мәселе, оның қайда және қандай себеппен тұтанатынында. Иордания королі Абдалла II-нің аузынан да осыған ұқсас пікір шығып қалды. Ол ИСИМ содырлары үшінші дүниежүзілік соғысқа себепкер болуы мүмкін екенін айтып қалды. «Бұл – үшінші дүиежүзілік соғыс. Мұсылмандар да, христиандар да, наным-сенімі өзгелер де осы күреске тартылған», - деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол ИСИМ-ге тек батыс елдері ғана емес, сонымен қатар, ислам ішіндегі түрлі ағымдар да қарсы екенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат