Иранның жоғарғы оқу орындарында әлемнің 133 елінің студенттері білім алып жатыр
Иранның жоғарғы оқу орындарында әлемнің 133 елінің студенттері білім алып жатыр
3 жыл бұрын 2274 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде Иран ядролық бағдарламасына байланысты әлемнен оқшауланса да ғылыми-технологиялық жетістіктерімен Таяу Шығыс аймағында көш басынан көрініп отыр. Бұл туралы islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Осыған байланысты соңғы жылдары ғылыми және технологиялық әлеуеті артып келе жатқан шиғалар елінде білім алуға құлшыныс танытатын шетелдіктердің қарасы артып келеді. Бүгінгі таңда шиғалар елінің жоғарғы оқу орындарында әлемнің 133 елінен келіп білім алып жатқан студенттердің дені, дәлірегі, 86 пайызы Азия елдерінен, соның ішінде, соғыстан сансыраған іргесіндегі Сирия, Ауғанстан, т.б. елдерінен. Бұдан бөлек, Қытайдан келіп білім алып жатқан студенттер қарасы да көп. Бұл жайында Парсы елінің шетелдік студенттер ісі жөніндегі басқармасының жетекшісі Афшин Ахунд-заде мәлім етті. Оның айтуынша, 2013 жылы Иран аумағында білім алған шетелдік студенттер қарасы 18 мың 684 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 57 мың 675 студентке артқан. Осылай деген ол шетелдік студенттердің 30 мың 600-і Иран ғылым министрлігіне қарасты жоғарғы оқу орындарында, 52 мыңы Азад университетінде және 2000 шетелдік студент денсаулық сақтау министрлінің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқанын жеткізді. Ирандағы шетелдік студенттердің 57%-ы магистратурада, 27%-ы бакалавриатта, 15%-ы аспирантурада оқып жатқаны турасында дерек келтірді. Ирандағы шетелдік студенттерге парсы тілі мен әдеибеті, компьютерлік инженерия пәндері кеңінен оқытылады. Электроникадан бастап Құран курсына дейін оқытылады.

Ұқсас материал:

«Ирандағы шетелдік студенттердің 86%-ы Азия елдерінен» (https://islam.kz/kk/news/alem/irandagy-sheteldik-studentterdin-86-y-aziya-elderinen-14668/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат