Иран өз танкісін шығарды
Иран өз танкісін шығарды
7 жыл бұрын 2822 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран тарихында тұңғыш рет өз танкісін жасап шығарды. Әскери мақсатқа қолданылатын шынжыр табан техника «Каррар» деген атауға ие болды. Ол басқарылатын снарядты атуға қабілетті. Бұған қоса, атуды бақылайтын оптикалық-электронды жүйемен, алыстан өлшейтін лазерлік құрылғымен жарақтандырылған. Ирандық танк тәуліктің кез келген сәтінде ұрысқа кіре алады. Ол қозғалыссыз тұрғанда да, жүріп бара жатып та ата алады. Иранның қорғаныс министрі Хұсейн Дехган ирандық танктің осы заманғы әскери қару түрлерінен қай жағынан болсын, қалыспайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат