Имамдардан билікке адал болуға ант беруді талап етті
Имамдардан билікке адал болуға ант беруді талап етті
7 жыл бұрын 2438

АҚШ-тың Техас штатында мұсылмандардың жетекшілері мен құқық қорғаушылар мұсылмандардан билікке "адал болуға ант беруін" ұсынған депутаттардың бірінің бұл әрекетіне алаңдаушылық білдірді. Заңгерлер мен мұсылман жамағатының өкілдері Ирвинг қалалық әкімшілігінің алдына жиналып, аталған ұсыныс төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Бұл жайында "ansar.ru" порталы  "Fox4news" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мұсылмандар мен заңгерлер қалалық әкімшіліктің алдын әдейі таңдап алған болатын, біріншіден, биліктің ғана емес, сонымен қатар, қоғамның назарын өздеріне аудару үшін, екіншіден, қала басшысы Бет ванн Дайн "Радикалды исламнан қорғану" деген тақырыпта исламофоб депуттар ұйымдастаратын шарада мінберден сөз алмақшы. Имам Омар Сүлейменов пен жамағаттың өзге өкілдері алған хатта депутат Техас басшыларына адал болуға ант беруін талап еткен. Имамның айтуынша, депутаттың есімі - Кайл Бидерманн. Бұған қоса, тез ант беруін талап еткен. Қолдан жасалған бұл түйткілдің қалай шешілгені турасында ақпарат жоқ. 

0 пікір
Мұрағат