«Гравитациялық» ядролық бомба (видео)
«Гравитациялық» ядролық бомба (видео)
6 жыл бұрын 5024 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Әскери әуе күштері «гравитациялық» аталып кеткен В61 ядролық бомбасының 12 жетілдірілген түрінің 26 жаздық, инженерлік, т.б. сынағын өткізген екен. Стратегиялық тежеу және ядролық қарулануды интеграциялау жөніндегі штаб бастығының орынбасары, генерал Джек Вайнштейннің сөзіне сенсек, аталмыш ядролық бомбаға қатысты барлық сынақ сәтті өткен. Бұл бомбаның заряд қуатын ауыстырып тұруға болады - 0.3, 1.5, 5, 10, 60, 80 немесе 170 килотоннаға дейін. В61 бомбасы сигнал берілгенде құрлықта да, жер астында да, көкте де жарылады. Бұл бомбаның 12-ші жетілдірілген түрі тұңғыш рет 2015 жылы сынақтан өткізілді. Невада штатындағы полигонда. Яғни, В61-12 алдыңғы түрлеріне қарағанда үш есе нысанаға дәл тиюімен ерекшеленеді. Оның конструкциялық ерекшелігі – құйрығының болуында жатыр. Бұл өз кезегінде оның икемділігін, өздігінен басқарылуын арттырады. Осы ерекшелігіне байланысты "гравитациялық бомба" аталып кеткен. Оның парашютпен лақтырудың қажеті жоқ, ұшақтан тастап жіберсе болғаны – нысанаға өзі бағыт алады. 2020 жылы алғашқы партиясы АҚШ әскери әуе күштерінің қолдануына берілетін болады. Бұл бомба Ресейді тежеу үшін Италияда, Түркияда, Германияда, Белгияда және Нидерландыда орналастырылады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, В61-дің алғашқы нұсқасы 1963 жылы сыналған болатын. Орташа салмағы – 320 келі (жетілдірілген түрлеріне қарай өзгеріп отырады).

0 пікір
Мұрағат