Ғарыш кеңістігі болашақта майдан алаңына айналуы мүмкін бе
Ғарыш кеңістігі болашақта майдан алаңына айналуы мүмкін бе
5 жыл бұрын 3203 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, АҚШ билігінің ғарыштық қарулы күштерді құру қамына кіріскені турасында хабарлаған болатынбыз. Технология дамыған сайын ғарыштық державалар көбеюде. Осыған байланысты болашақта ғарыш кеңістігінде болуы ықтимал державалар арасындағы қақтығыстың алдын алу әрі әлемге үстемдігін жүргізу үшін. Өткен аптада Қытай халық республикасының сыртқы істер министрлігі АҚШ билігінің ғарыштық қарулы күштерді құруға қатысты қадамын сынға алып, ғарыш кеңістігін майдан алаңына айналдырмауды талап етті. Қазіргі уақытта ғарышты игеру үстіндегі немесе ғарышты бағындыруға талпынып жатқан елдер арасындағы бәсекелестік пен бақталастық түбінде өздерінің ғарыштық қарулы күштерін құруға итермелеуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ғарышты зерттеу саласына өз салқынын тигізіп, адамзат иглігіне айналуы тиіс талай жаңалықтың ашылуына өз көлеңкесін түсірмек. Бұдан адамзат ұтылмаса, ұтпайды. 

 

0 пікір
Мұрағат