Француздар енді жұмыстан соң смартфондарын сөндіріп тастауға құқылы
Француздар енді жұмыстан соң смартфондарын сөндіріп тастауға құқылы
7 жыл бұрын 2327 inform.kz

Жаңа заң талаптары 2017 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, жұмысшылардың басшыларының жұмыстан тыс уақытта жіберетін хабарламаларын назардан тыс қалдыруларына құқық береді, деп хабарлайды The Guardian ақпарат көзі. Осылайша жұмысшылардың жеке өміріне берілетін уақыт пен демалыстарының толық қамтамасыз етілуі заңмен реттелмек. Бұған Францияның Еңбек министрі бастамашы болды. Ал, Францияның кәсіподақ ұйымдарының өкілдері онсыз да цифрлық құрылғыларды қолданудың соңы ақысы төленбейтін уақыт көлемін ұлғайтып, шаршау, ұйқысыздық сияқты әрекеттерге алып келеді деп алаңдап жүрген. Аталған ақпарат көзінің хабарынша, жұмыс берушілер мұндай талаптарды мүмкіндігінше орындамауға тырысары анық. Дегенмен, аталмыш талаптар орындалмаған жағдайда жұмыс берушілер үшін қандай да бір жаза қарастырылмаған.

0 пікір
Мұрағат