Facebook Исламға қарсы жазбаларды бұғаттайды
Facebook Исламға қарсы жазбаларды бұғаттайды
7 жыл бұрын 3002 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Facebook әлеуметтік желісінің операторы Австралияда бұрын көз қылып исламды қабылдап, кейін бас тартқан, осылайша, мұсылмандарды жеккөрінішті етіп, исламды қараламақ болғандардың, яғни, мұсылмандар мен ислам жайында бұрмаланған ақпарат таратқандардың парақшасын жауып тастады. Аталмыш әлеуметтік желі әкімшілігінің айтуынша, қай наным-сенімде болу - әркімнің өз ісі, оны ауыстыра ма, сол нанымда қала ма, өз шаруасы, оған ешкімнің араласуға құқы жоқ, алайда, әлемдік діндердің қандай да біріне жаулық көзқарасын әлеуметтік желі арқылы таңуына, діни араздықты қоздыруына жол бермейді. Әлеуметтік желіде отырып алып, исламофобияны насихаттаған атеистер Facebook әкімшілігінің бұл шешіміне наразылық білдіріп, исламофобиялық контентті қалпына келтіруді талап етіп жатыр. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Ex-Muslims of North America парақшасы және атеистік тақырыпты қаузаған араб еліндегі бірнеше парақшалар бұғатталды. Жоғарыда суртте тұрған - бұрын мұсылман болып, кейін діннен шыққан атеист исламофобтардың бірі. 

0 пікір
Мұрағат