Еврейлер мұсылмандар үшін 6 мың долларын садақа етті (ВИДЕО)
Еврейлер мұсылмандар үшін 6 мың долларын садақа етті  (ВИДЕО)
7 жыл бұрын 2687 Хитринодағы апат

Болгариядағы еврейлер қауымы осы елдің солтүстік-шығысында орын тепкен Хитрино елді-мекенінде болған техникалық апаттан қаза тапқандар отбасыларына және зардап шеккендерге қолұшын созып, 6000 долларға жуық қаражат жинап берді.  Бұл жайында 7kanal.co.il ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізге сала кетсек, желтоқсан айының 10-ы күні аталған елді-мекенде сұйытылған газ құйылған 26  цистерна тиелген состав теміржолдан шығып кетіп, нәтижесінде 7 адам опат болып, 20 адам түрлі деңгейде жарақат алған еді. Олардың бәрі мұсылмандар болатын. Мұсылмандар үшін қаражат жинауға Болгарияда тұратын еврейлердің «Шалом» ұйымы мұрындық болды. Аталмыш ұйым президенті Александр Оскар әлі де жылу жиналып жатқанын жеткізді. «Өзінің зейнетақысынан жырымдап, яғни, 10-15 пайызын садақа еткен зейнеткерлер де атсалысып жатыр. Балалар да бұл қайырымдылық шарасынан тыс қалған жоқ. Бұл наным-сенімі мен ұлтына қарамастан өзара көмектесудің жарқын үлгісі»,- деді ол сөзінің соңында. 

0 пікір
Мұрағат