Еуропада адам құқығы ең көп бұзылатын ел Ресей болып шықты
Еуропада адам құқығы ең көп бұзылатын ел Ресей болып шықты
6 жыл бұрын 4932 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот Еуропалық кеңеске мүше елдер арасында Ресейді адам құқығы жиі аяққа тапталатын ел деп таныды. Бұл жайында аталған соттың 2017 жылды қорытынды баяндамасында айтылған. Ішінара алғанда, өткен жылы аталған сотқа келіп түскен арыз-шағымдардың дені Ресейден болған. Нақтырақ айтқанда, сот тың өткен жылғы шығарған 1068 шешімнің 305-і ресейліктерге қатысты болып отыр. Ресей Федерациясының азаматтары негізінен өмір сүруге мүмкіндік бермейтін ресейлік биліктің жүгенсіздігіне, азаптауына, тергеуді біржақты жүргізуге, негізсіз тұтқындауға, т.б. қатысты арызданған. «Агора» деп аталатын халықаралық құқық қорғаушылар тобының жетекшісі Павел Чиков еуропалық сотқа ресейліктерден арыз-шағымның көптеп түсуін ресейлік соттардың кәсібиліктен алыс екендігін айғақтайтынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат