Еуропа соты шариғат шәлісіне тыйым салуды заңдастырды
Еуропа соты шариғат шәлісіне тыйым салуды заңдастырды
7 жыл бұрын 3076 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жұмыс беруші компанияның ішкі тәртібіне қайшы келеді деп шешілсе, жұмыс орнында шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салу заңды деп танылмақ. Бұл жайында BBC ақпарат көзі хабар таратты. "Жұмыс беруші діни, саяси немесе философиялық атрибутқа, соның ішінде шариғат шәлісіне тыйым салуға құқылы - егер компанияның ішкі ережесіне қайшы деп танылса. Мұндай жағдайда тыйым салу кемсітушілік болп табылмайды",- деп айтылған Еуроодақтың жоғарғы сот инстанциясының жарияланған құжатында. Сонымен қатар, тыйым салушылық жұмыс беруші компания клиентінің тілегіне негізделмейтіні де аталып өткен. Мұндай жағдайда тыйым салу кемсіту болып табылмақ. 

 

0 пікір
Мұрағат