Еуроодақта алтын өндіруден қай елдің аты озып тұр?
Еуроодақта алтын өндіруден қай елдің аты озып тұр?
9 жыл бұрын 2955

Еуродақта алтын өндіруден Финляндияның аты озып тұр. Биыл бұл ел өткен жылы алдыңғы орынға шыққан Швецияны артқа тастаған. Бұл жайында goodnewsfinland.ru ақпарат көзі хабар таратты. Финляндияның Киттиля алтын кенінде жұмыс істейтін  Канаданың «Agnico Eagle»  компаниясы алтын өндірісін жылына 6 мың тоннаға дейін  арттырған болатын. Өткен жылы канадалықтар аталмыш саланы дамыту үшін 80 млн еуро инвестиция құйған болатын. Биыл тағы 150 млн еуро қаржы құюды жоспарлап отыр. Бұл қаржы өз кезегінде алтын өндірісін және байыту процесін толық автоматтандыруға жұмсалады. Киттиля кенінде шамамен 500 жұмысшы нәпақасын айырып жүр.

0 пікір
Мұрағат