Есірткіден жетімдер...
Есірткіден жетімдер...
6 жыл бұрын 4210

Әлемнің есін алған есірткі дағдарысынан жетімдер саны көбеюде. Мәселе, бір ғана АҚШ-та ата-анасы есітркіге салынғандықтан мемлекет қарамағына немесе бөтен отбасы қамқорлығына өткен балалардың қарасы күрт артып отыр. Бұл жайында The Hill ақпарат көзі аталған елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Естеріңізде болса, кезінде АҚШ-ты жайлаған есірткі дағдарысы туралы нақты деректер келтіре отырып хабар таратқанбыз. Бұл тақырыпқа қайта айналып соғуымыздың себебі бұл әлеуметтік дерттің әлемнің әр түкпірінде белең алуында жатыр. Мәселен, 2012-2016 жылдар аралығында АҚШ аумағында ата-анасының есірткіге бой алдыруына байланысты тірі жетім атанғандар қарасы 10%-ға артқан. Сондай-ақ, есірткі қолданудан өлім-жітім көбейген. Бұл әлеуметтік дерттен мемлекет қазынасына қаншалықты шығын келіп отырғанын былай қойғанда, тұтас біл халықтың түбіне жететін деңгейге көтерілген. Бір ғана Вирджиния штатында 2014 жылы өзгелердің қамқорлығына өткен балалар саны 42%-ға ратқан. АҚШ-тың көптеген штаттарында осындай жағдай қалыптасып отыр. Массачусетс,  Алабама, Аляска, Калифорния, Айдахо, Индиана, Миннесота, т.б. Мысалы, Огайо штатында 2015 жылы есірткі салдарынан тірі жетім атанғандар қарасы 28%-ға атқан. Аталған елде бұл әлеуметтік дерт 1990-шы жылдары белең алған болатын. АҚШ ұлттық институтының келтірген мәліметі бойынша 2015 жылы 2 млн-нан аса адам есірткіге салынып кеткен. STAT медициналық мерзімді басылымның топшылауынша, алдағы 10 жыл ішінде есірткі дозасын артық қолданудан шамамен 500 мың адам өмірімен қош айтыспақ. Бұрын жылына аталған ел аумағында есірткіні артық қолданудан 64 мыңнан аса адам бақилық болып отырған. Бұл елдегі жол-көлік апатынан көз жұматындар қарасынан бірнеше есе көп көрсеткіш. 

 

0 пікір
Мұрағат