Есірткі тасымалдайтын кептер қолға түсті
Есірткі тасымалдайтын кептер қолға түсті
7 жыл бұрын 7716 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кувейт кеденшілері есірткіні кептердің көмегімен шекарадан өткізбек болған контрабандылардың жолын кесті. Бұрын хат тасып, хабар жеткізу үшін пайдаланылатын құстың түрін енді қылмыскерлер өз мақсаттарына жаратпақ. Қырағы сақшылар Иракпен арадағы шекарада қолға түсірген кептердің әрең ұшып бара жатқанын байқаған. Көгершін демалу үшін ғимарат шатырына қонғанда қолға түсірген. Оның арқасына таңылған қаптан дәрі түріндегі есірткінің 200 таблеткасы шыққан. Қазіргіу уақытта тергеушілер мен із кесушілер кептер арықылы есірткіні шекара асырмақ болғандарды іздестіріп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат