ЕО-да мәліметтерді қорғау бойынша жаңа заң күшіне енді
ЕО-да мәліметтерді қорғау бойынша жаңа заң күшіне енді
6 жыл бұрын 3040

Еуроодақта мәліметтерді қорғау туралы жалпы регламент (General Data Protection Regulation, GDPR) күшіне енді. Бұл құжат европалықтардың жеке мәліметтерінің таралуы мен қорғалуын реттейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Интерфакс сайтына сілтеме жасап. 

ЕО бұдан былай интернетте өздері ұсынатын мәліметтердің қалай қолданылатынын білуге құқылы. Жаңа ереже экстерриториялық болады және операторларға таратылады. Айта кетейік, операторлар ЕО мүшесі – 28 елдегі еуропалықтардың жеке мәліметтерін қайта өңдейді. Егер регламентке сай қолданушының жеке мәліметтерді заңсыз қолданылатын болса 20 млн еуроға дейін немесе компанияның жылдық айналымының 4%-на дейінгі көлемде айыппұл салу қарастырылған (бұзушылықтың ауырлығына байланысты).

Құжат мәтінінде атап өтілгендей, «өзгерістер Еуроодақ аясында жеке мәліметтерді жақсырақ қорғау үшін керек». Бұл қарапайым тұтынушы мен ЕО-ның ішкі нарығындағы бәсекеге қабілеттілік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

ЕО кеңесі мен Еуропарламент жалпы регламентті 2016 жылы 27 сәуірде қабылданған болатын, алайда ол тек қазір күшіне енді. Бұған дейін, жеке мәліметтерді қорғау 95/46/ЕО дерективасымен және ЕО-мүше елдердің ұлттық нормаларымен реттелген.

0 пікір
Мұрағат