Ең алып динозаврдың сүйегі табылды
Ең алып динозаврдың сүйегі табылды
3 жыл бұрын 1535

Палеонтологтардың халықаралық тобы жуырда бұрын-соңды болмаған толағай табысқа қол жеткізді. Палеонтология тарихында тұңғыш рет барлық сүйек қаңқасы дін аман сақталған әлемдегі ең алып жануардың сүйек қаңқасы Аргентинадан табылды. Мезозой дәуірінде тіршілік еткен алып жануар Dreadnoughtus schrani немесе жай ғана дредноут деп аталады. Салмағы 65 тоннаға жететін алып жануардың биіктігі: екі қабатты үймен тең келеді. Ұзындығы – 30 метр. Осыдан 77 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Ғалымдар оның ажалы жетіп өлгенге дейін өскенін тоқтатпағанын анықтады. Егер ажалы келіп өлмегенде бұдан да үлкен болатынына күмән жоқ. Ғалымдардың айтуынша, алып жануардың сүйек қаңқасының дін аман сақталуына төтенше апаттан бірден топырақтың астында қалуы себеп болса керек. Яғни, көміліп қалған.

0 пікір