Еліміздегі өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді
Еліміздегі өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді
1 жыл бұрын 1564 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қайтыс болғандар саны азайып, бұл бағыттағы көрсеткіш 101,7 мың адамды құраған. Ең көп өлім-жітім Алматы қаласында тіркелген. Бұл жайында islam.kz порталы Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен 2021 жылы осы кезеңдегі көрсеткіш 137,6 мың өлім-жітімді құрап, биылғы жылмен салыстырғанда 26,1%-ға артық болған. Өңірлік тұрғыда ең көп өлім-жітім Алматыда тіркелген – 9,3 мың адам, яғни, бір жыл бұрынғыдан 35,1%-ға аз.

Ал облыстарға келсек, төмендегідей көрсеткішті назарларыңызға ұсынамыз:

Қарағанды ​​облысы – 8,8 мың адам;

Түркістан облысы – 7,4 мың адам;

Алматы облысы – 7,1 мың;

Қостанай облысы – 6,9 мың;

Шығыс Қазақстан болысы – 6,4 мың адам;

Павлодар облысы – 5,7 мың;

Жамбыл облысы – 5,6 мың;

Ақмола облысы – 5,5 мың;

Солтүстік Қазақстан облысы – 4,8 мың адам;

Ақтөбе облысы -

Батыс Қазақстан облысы – 4,2 мың адам;

Абай облысы, Астана қаласы – әрқайсысы 4,1 мың адамнан;

Шымкент – 3,9 мың;

Жетісу облысы – 3,8 мың;

Қызылорда облысы – 3,5 мың;

Атырау облысы – 2,7 мың;

Маңғыстау облысы – 2,3 мың;

Ұлытау облысы – 1,5 мың адам

Өлімнің ең көп тараған өлім-жітім себептері - қан айналымы жүйесінің аурулары. Мұндай дерттен 22,7 мың адам қайтыс болған. Одан кейінгі орында ісіктер (10,2 мың өлім-жітім), тыныс алу жүйесінің аурулары (9,8 мың өлім) және басқа да себептер

0 пікір
Мұрағат