Экстрасенстер мен сиқыршылар заңмен алаяқтарға теңестірілді
Экстрасенстер мен сиқыршылар заңмен алаяқтарға теңестірілді
6 жыл бұрын 3262 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы көп ұзамай алаяқтық туралы заң жобасын қабылдап қалуы мүмкін. Аталмыш заң жобасында аңқау жұрттың үстінен күн көретін экстрасенстер мен сиқыршылар алаяқтар мен бопсалаушыларға теңестіретірілуі мүмкін.  «Парламент газеті» мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, осы заң жобасын жасауға атсалысқан Мемдуманың еңбек, әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі комитет мүшесі Сергей Вострецовтың айтуынша, депутатардың мұндай қадамға баруына мыңдаған ресейлік азаматтардың экстрасенстерден алданып, шағым түсіргені себеп болған. Айта кетейік, заң жобасы сиқыршылықпен айналысуға тікелей тыйым салмайды, алайда, оны пайдаланып ақша табуға тыйым салады. 

0 пікір
Мұрағат