Биыл әскери салаға ең қаржы көп бөлген елдер анықталды
Биыл әскери салаға ең қаржы көп бөлген елдер анықталды
6 жыл бұрын 2918 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бонн қаласында орын тепкен халықаралық конверсия орталығының сарапшылары милитаризацияның жаһандық индексін түзді. Яғни, әскери салаға ең көп қаржы бөлген елдер тізімі. Әлем бойынша. Биыл, яғни, 2017 жылы аталған мәселеде Израил көш бастаған. Ал екінші орында Сингапур тұр. Одан кейінгі орындарда Армения, Ресей, Оңтүстік Корея жайғасқан. Мұсылман елдеріне келсек, алғашқы ондыққа Кувейт, Иордания, Бруней кірген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл реитинг өткен ғасырдың 90-шы жылынан бастап жыл сайын жасалады. Аталмыш орталық сарапшылары реитингті түзгенде ең алдымен әр елдің жалпы ішкі өнімінде әскери салаға бөлінетін шығынды ескереді. Сонымен қатар, әскери саладағы адамдар саны, халық санына шаққанда ауыр қару түрлерімен қарулану деңгейі қаперге алынады. 

0 пікір
Мұрағат