Діни полицияның құзыреті қалпына келтірілетін болды
Діни полицияның құзыреті қалпына келтірілетін болды
7 жыл бұрын 2120 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа тақ мұрегері Мұхаммед ибн Салманның жоспарына сәйкес Сауд арабиясында көп ұзамай діни полицияның құзыреті қайта қалпына келтірілетін болды. Естеріңізге сала кетейік, кезінде хабарлағанымыздай, жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыратын, яғни, шариғат талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін полиция өз құзыретін асыра пайдаланды деген айыппен аталған тәртіп сақшыларының билігі шектелген еді. Бастапқыда олар қылмыскерлерді тікелей тұтқындаса, кейін құзыретінің шектелуіне байланысты қылмыскерлерді тек кәдімгі полицияға хабарлаумен ғана шектелетін. Ендігі жерде діни полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, "құқық бұзушы" туралы мәліметті арнайы планшет арқылы жедел жеткізетін болады. Ислам мемлекетінде шариғат талаптары сақталуы үшін мұндай күштік құрылым қажет. Алайда, зайырлы қоғамда өмір сүретіндерге таңсық көрінетіндіктен мұндай полицияның қажеттілігіне күмәнмен қарап жатады. 

0 пікір
Мұрағат