Дағдарысқа байланысты жануарлар «диетаға» отыратын болды
Дағдарысқа байланысты жануарлар «диетаға» отыратын болды
9 жыл бұрын 3073

Ресей Федерациясындағы экономикалық дағдарысқа байланысты Мәскеу қаласындағы хайуанаттар бағындағы аң-құс «диетаға» көшетін болды. Өйткені, оларға берілетін азық 40 пайызға қымбаттаған. Бұл жайында "Известия" басылымы хабар таратты. Мәскеу хайуанаттар бағының директоры Наталья Колобованың сөзіне қарағанда осынау дағдарысқа байланысты «басы артық» аң-құсты өзге қалалар мен елдерге аттандырып жатыр. Алайда, тұқымы құрып бара жатқан және сирек кездесетін, сондай-ақ, аса бағалы аң-құсты өздерінде сақтайтынын жеткізді. Оның үстіне, артық аң-құсты өзге қалаларға беру арқылы олардың генетикалық (тектік) әр алуандығын сақтауға мүмкіндік бермек. Бұған қоса, аң-құс ұстайтын орын да жеткіліксіз көрінеді.

0 пікір
Мұрағат