Cаудиялықтар 45 млн жеміс ағашын отырғызбақ
Cаудиялықтар 45 млн жеміс ағашын отырғызбақ
23 күн бұрын 385 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы 45 миллионнан астам жеміс ағашын отырғызуды жоспарлап отыр, өйткені, аталған араб елі банан мен лимоннан мол өнім алуға мүдделі. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның қоршаған орта, су ресурсы және ауыл шаруашылығы министрлігі (MEWA) жергілікті климатқа сай, соның ішінде ең алдымен Жазанда өсетін бірнеше сортты банан көшеттерін өндіруді жерсіндіруді бастады. Тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету Saudi Vision 2030 бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Саудия билігі мұндай қадамға жалпы ішкі өнімге қолдау көрсету үшін барып отыр. Қазіргі уақытта Саудияда көшеттер жылыжайларда да, ашық далада да өсіріледі. Аталмыш министрліктің мәліметінше, өндірісті оқшаулау (жергілікті ету) инвесторларды тартады, ал көшеттерді импорттау айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді - шамамен 25%. 2030 жылға қарай билік 4 миллион лимон ағашын отырғызуды көздеп отыр. Осы орайда таяуда Әбу-Дабидың жағалау маңында 850 мың мангр ағашы отырғызылатынын айта кетпекіз. Бұдан бөлек, Мараба теңіз биосфералық резерватында, әл Мирфа және Жүбайл аралында да ағаштар отырғызылды - олар жыл сайын атмосферадан 170 тонна көмірқышқыл газын сіңіретін болады.

0 пікір
Мұрағат