БҰҰ Йемендегі ахуалға алаңдаулы
БҰҰ Йемендегі ахуалға алаңдаулы
2 жыл бұрын 595

Өткен айдың бас кезінде Йеменнің солтүстігінде үкімет әскері мен Әбдімәлік әл-Хоуси бастаған шииттік көтерілісшілер арасында қақтығыс басталған болатын. Бейбіт келісімге келу әрекеті сәтсіз аяқталған еді. Ел билігі көтерілісшілерді әскери әрекетке барғаны үшін айыптаса, шииттік көтерілісшілер бұл қақтығыстың себебі мен салдарын сунниттерден көріп отыр. Яғни, суниттер шииттерге қысым көрсетіп отыр деп есептейді. Маусым айының 4-і күнінен басталған қарулы қақтығыстан бір аптаның ішінде үкімет әскерінен 50 сарбаз шығын болса, көтерілісшілерден 240 адам оққа ұшқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі екі тарапты татулыққа шақырды. Алайда, көтерілісшілер де, ел билігі де БҰҰ-ның талабына құлақ аспай отыр. Ұрыс жүріп жатқан Амран ауданынан бас сауғалаған босқындар қарасы 35 мың адамға жетті.

0 пікір