Босқындарға көп шығынданбай көмектесудің бір түрі
Босқындарға көп шығынданбай көмектесудің бір түрі
7 жыл бұрын 3514 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің әр түкпіріне соғыстан бас сауғалаған, соның ішінде, көрші жатқан Иорданияны паналаған сириялық босқындар өркениет игілігінен құр қалмауы үшін оларға жаңа технологияны пайдалануға берді. Үй жиһазы мен бұйымдары ритейлері құрған Ikea қауымдастығы осы мақсатта күн панелін сатып алуы үшін 4,5 млн доллар аударған екен. Бұл күн батареясы "Азрак" деп аталатын босқындар лагерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады. Иордания аумағындағы аталған лагерде 35 000 адам тұрып жатыр. Бұь лагерді Біріккен Ұлттар Ұйымы өз қамқорлығына алған. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, бұл күн батареясы 20 000 адамды электр жарығымен қамтамасыз ете алады. Алдағы уақытта барлық лагерді жарықпен қамтамасыз ету үшін осындай құрылғылар тағы орнатылатын болады. Айта кету керек, екі жарым жыл ішінде біз сөз етіп отырған лагерде электр жарығы болған емес. Бұл күн батареясын пайдалану Біріккен Ұлттар Ұйымына жылына 1,5 млн доллар үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл қаражат өз кезегінде босқындардың өзге мұқтажына жұмсалатын болады. 

0 пікір
Мұрағат