Bloomberg әлемнің ең бай адамдарының рейтингісін жариялады
Bloomberg әлемнің ең бай адамдарының рейтингісін жариялады
8 жыл бұрын 2195 inform.kz

"Bloomberg" агенттігі әлемнің ең бай адамдарының дәстүрлі жылсайынғы рейтингісін жариялады, деп хабарлады "Информинг.ру" ақпарат көзі.

Биылғы жылы көшбасшылар үштігінен инвестор Уоррен Баффет шығып қалды. Енді "Bloomberg" нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының рейтингісін "Microsoft" корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс бастады. Оның дәулетін сарапшылар 89 миллиард долларға бағалады.

Рейтингідегі екінші орынға "Inditex" компаниясының негізін қалаушы - кәсіпкер Амансио Ортега шықты. Оның активтері 73 миллард долларға бағаланып отыр.

Көшбасшылар үштігін "Amazon" интернет-ретейлердің негізін қалаушы Джеффу Безос тұйықтады. Оның дәулеті 60,5 миллиард долларды құрайды. "Amazon" компаниясы көктемде бірінші тоқсан қорытындысымен сату көлемі 28 пайызға өскені және рекордттық табысқа жеткені туралы есеп берді, ал оның акциясы қыстан бері 54 пайызға қымбаттады. Соның арқасында Безостың байлығы 5,4 миллиард долларға артты. Бұл американдық олигархтың танымал инвестор Уоррен Баффетті үшінші орыннан төмен жылжытуына мүмкіндік берді. 

Ал Баффет басқаратын "Berkshire Hathaway" компаниясының акциясы 9,4 пайызға қымбаттап, 2,7 миллард долларға ұлғайды. Алайда, Баффет дәулетін қайырымдылық шараларына жұмсап, 2,9 миллиард долларға шығындалды. "Bloomberg Billionaires Index"" талдамашыларының есептеуінше, оның байлығы "Amazon" компаниясының табысынан 32 миллион долларға азайды. Сөйтіп, қайырымдылық қызметінің салдарынан ол әлемдегі ең бай адамдар үштігінен кейінге ысырылды.   

6 пікір
  • BQ
    Ширкин, Билл Гейтс маган осы байлыгынын 100 мын долларын берсе, ИнШаАлла, бираз шаруа битирип, бираз бауырларга Уоллохи, созсиз жардем берер едим.
    8 жыл бұрын
  • мен де осыны армандаймын
    8 жыл бұрын
  • ең алдымен тойып тұрып тамақ ішер едім
    8 жыл бұрын
  • BQ
    Маке, алда-жалда Алланын буйрыгымен Билл Гейтс акшасынан улестирип жатса, биздиде умыт калдырманыз)))
    8 жыл бұрын
  • ұмыт қалдырмаймыз ғой, бірақ, жетпей қала ма деп қауіптенемін. Тамаққа тойып алған соң, жақсылап тұрып, шай ішер едім
    8 жыл бұрын
Мұрағат