Біреуге қараған күнің құрысын: АҚШ Түркияны сазға отырғызып кетті (видео)
Біреуге қараған күнің құрысын: АҚШ Түркияны сазға отырғызып кетті (видео)
6 жыл бұрын 7496 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың «East Day» ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген мәліметіне қарағанда, АҚШ билігі қаржысы алдын ала төленсе де бесінші буынды F-35 жойғыш ұшағымен жабдықтамайтын болып шешім қабылдады. Ресейдің зениттік зымыран жүйесі кешенін сатып алудан бас тартуға шақырған талабын орындамағаны үшін. Тәуелсіз әскери сарапшылар АҚШ билігінің бұл әрекетін халықаралық нормаларға қайшы екенін айтып, сынға алды, өйткені, қандай да бір елдің қару-жарақты қай елден сатып алғысы келетінін өзі шешеді. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиімділігі жоғары қару-жарақ түрлерін таңдау құқығына қол сұғуға АҚШ-тың хақысы жоқ. АҚШ Түркияға осылайша қысым көрсетіп отыр. Түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, АҚШ өзінің аталған жойғыш ұшағын беруден бас тартқан жағдайда Түркия Ресейден бесінші буынға жататын Су-57 жойғыш ұшағын сатып алмақ. 

 

0 пікір
Мұрағат