Бір жылда 70 мың шетелік науқасты емдеген ел
Бір жылда 70 мың шетелік науқасты емдеген ел
5 жыл бұрын 2013 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2018 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта) шиғалар елінің емханасына 70 мың шетелік пациент түскен. Бұл жайында ISNA ақпарат көзі Иранның денсаулық сақтау министрлігінің медициналық туризм департаментінің жетекшісі Саида Хашемзаде келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оның айтуынша, аталған ел аумағында шетелдік науқастарды қабылдайтын 169 емхана жұмыс істейді. Иран емханаларынан ем алатын шетелдік науқастардың шамамен 90%-ы Ауғанстан, Ирак, Әзірбайжан, Кувейт, Бахрейн, Оман және Парсы шығанағы елдерінің азаматтары. "Шетелдік пациенттер қарасы соңғы жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты",- деді ол. Иранның денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық туризм департаменті келтірген дерек бойынша медициналық туризм ел экономикасына 12 млрд доллар шамасында табыс әкелген. Өткен бір жыл ішінде. Яғни, жоғарыда айтылған мерзім аралығында. Естеріңізде болса, осыдан бір айдай бұрын "Пышақ" астынды отырып, медициналық туризмнен 1 млрд-тан аса пайда тапқан ел" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/pyshaq-astyndy-otyryp-meditsinalyq-turizmnen-1-mlrd-tan-asa-paida-tapqan-el-12044/#gsc.tab=0) деген тақырыппен берген хабарымызда Иранның медициналық туризміне қатысты барынша мол мәлімет беруге тырысқанбыз. 

0 пікір
Мұрағат