"Пышақ" астынды отырып, медициналық туризмнен 1 млрд-тан аса пайда тапқан ел
"Пышақ" астынды отырып, медициналық туризмнен 1 млрд-тан аса пайда тапқан ел
5 жыл бұрын 2711 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан 8 ай бұрын "Медициналық туризм дегеніміз не" деген тақырыппен берген материалымызда (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/meditsinalyq-turizm-degenimiz-ne-10999/#gsc.tab=0) аталмыш туризм саласының соңғы уақытта сұранысы жоғары туризм саласына айналғанын тілге тиек еткенбіз. "Пышақ" астында отырып деп бейнелеп айтуымыздың астарында ядролық бағдарламасына байланысты экономикалық шектеу мен салынған санкцияны айналып өтудің түрлі жолдарын ирандықтар жатпай-тұрмай іздеп жатыр. Қылбырау салған сайын шыңдалып, сыртқы қысымға мойымаған ирандықтар сауықтыру туризімінен бір млрд доллардан аса табыс тапқанын айта кету керек. Дәлірегі, Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ираж Қарирши осындай мақтаныш ескен мәлімдеме жасады. Иранның солтүстік-батысында орын тепкен Ардебил қаласында өткен экономикалық ынтымақтастық ұйымы жанындағы сауықтыру туризмі үйымының көрмесі мен жиынында қолы қалт еткен сәтте Tasnim News ақпарат көзіне берген сұхбатында. "Соңғы он жылда біз сауықтыру саласындағы туристер қарасының 15 есеге артқанына куә болып отырмыз",- деді ол сөз арасында.  Медицина саласының жоғары лауазымды қызметкерінің айтуынша, Иранға дертіне шипа іздеп келетін туристер қарасы 2007 жылы 20 мыңнан 2019 жылға дейін 300 мыңға жеткенін мәлім етті. Осылай дей келе ол сауықтыру туризмінен ел қазынасына 1,2 млрд табыс түскенін жария етті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы жылдары ирандық мамандар осы заманғы медициналық технологияны игеруде үлкен жетістіктерге жеткен. Иранға дертіне шипа іздеп келетіндердің дені көрі елдерден. 

0 пікір
Мұрағат