Бір ғана елде 1,7 млн адам аштан өлуі мүмкін маусым айында
Бір ғана елде 1,7 млн адам аштан өлуі мүмкін маусым айында
5 жыл бұрын 2114 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы Сомалиде маусым айына дейін 1,7 млн адам азық-түлік тапшылығынан қырылуы мүмкін. Яғни, құрғақшылық жайлаған аталмыш елдегі азық-түлік тапшылығы 10 пайызға артып кеткен. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті. "Сомалидегі ашқұрсақ балалардың қарасы 954 мыңға дейін артады. Олардың 174 600-ның өмірі қыл үстінде болады",- деді ол мәлімдемесінде. Осылай дей келе ол қажетті 1,08 млрд доллардың тек 19 пайызы ғана келіп түскенін, соған байланысты, яғни, қаржының жетіспеушілігінен денсаулық сақтау саласының нысандары жұмысын тоқтатып жатқанын жеткізді. Соның ішінде суды тазалайтын мекеме жабылған. Бұл өз кезегінде су арқылы түрлі жұқпалы аурулардың таралуына апарып соқтырады. Сомалиде 2017 жылдан бері бір миллионға тарта тұрғын өзге елдерге бас сауғалаған болатын. Елді жайлаған аштықтан 2010-2012 жылдар аралығында аштықтан бұл елде 260 мың адам қырылған еді. 

0 пікір
Мұрағат