"Бір белдеу - бір жол": жаһандық жоба алғаш рет ашық соққы алды
"Бір белдеу - бір жол": жаһандық жоба алғаш рет ашық соққы алды
6 жыл бұрын 7776 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайлардың "Жібек жолының экономикалық белдеуі" деп аталатын, қысқаша айтқанда, "Бір белдеу - бір жол" жаһандық жобасы алғаш рет ашық кедергіге тап болды. Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхамед Бейжіңге ресми сапары кезінде Малайзиядағы 20 млрд долларға бағаланған бұл жобаның тоқтатылғанын жария етті. Неге? Өйткені, Малай елінің басшысы жобаның тым қымбатқа түсетінін, жобаға қаржы құятын инвесторларды және жобаны жүзеге асыратын мердігерлерді іріктеуде ашықтықтың болмай отырғанын алға тартып, сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру кезеңіндерін ескермей қытайдың қаржы институттарынан алынған несиені төлеу мерзімін белгілейтін келісім-шарттардағы кейбір шарттарға көңілі толмайтынын жеткізді. Мәселен, аталмыш жоба бойынша Малайзияның шығыс жағалауында төселуі тиіс теміржол құрылысының жобасы сынға ұшырап отыр. Бұл теміржол құрылысына Қытайдың Экспорт-импорт банкі ұсынатын несиенің 85%-ы жұмсалады әрі қытайдың China Communications Construction Company мемлекеттік компаниясы төсейді. Бұл теміржол Қытайдың Сингапурге дейін тартылатын теміржол магирстралының бір бөлігі болып табылады. Бастапқыда жоба құны 13,4 млрд долларға бағаланған болатын. Қазіргі уақытта несиелік төлемді қосқанда бұл көрсеткіш 20 млрд долларға шарықтап кеткен. Оның үстіне, көп бейінді құбыр мен газ құбырының қрылысын жобалау және құрылысын жүргізу құқығы қытайдың China Petroleum Pipeline Bureau компаниясына тиесілі. 2018 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша құбыр тарту дайындығының деңгейі 14 пайыз болса, қытай компаниясына қаржының 85 пайызы төленіп қойған. Қытайдың қаржы институттарынан алынған несие мен оның пайызына Малайзия мемлекеттік кепілдік беріп қойған. Аталмыш ел премьерін, әсіресе, Малайзияның сыртқы қарызының тым ұлғайып кеткені де алаңдатып отыр - 250 млрд доллар, бұл қарыздың бір бөлігін қытайдан алған несие құрап отыр. Аталмыш жаһандық жобаға АҚШ пен ЕО бастаған батыс елдері қарсылық көрсетіп отыр. Қытай ықпалын арттыратын жоба ретінде қарастырып. Бұдан бөлек, бұл жобаны жүзеге асыру барысында экологиялық және технологиялық қауіпсіздік салалары бойынша халықаралық және ұлттық нормалардың сақталмауы да, еңбек қауіпсіздік техникасы мен жұмысшылардың құқықтарының аяқ асты болуы да Қытай билігінің бетін қайтарар емес. 

0 пікір
Мұрағат