Белгілі әрі беделді христиан уағызшысы: "Енді бір отыз жылдан кейін христиандықтың күні батады"
Белгілі әрі беделді христиан уағызшысы: "Енді бір отыз жылдан кейін христиандықтың күні батады"
7 жыл бұрын 6840 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Есімі елге белгілі әрі беделді православ уағызшысы, священник Дмитрий Смирнов эфир арқылы оқыс мәлімдеме жасады. «Союз» телеарнасының «Беседы с батюшкой» хабарында сұхбат берген христиан уағызшысы: "Бүкіл христиан әлемінің күні батуға таяу қалды. Ары кеткенде отыз жылдан кейін, бәлкім, бұл Ресейде елу жылға созылар, күллі христиан өркениеті жойылады. Христиандар ешқайда шықпайды, ат төбеліндей топпен сенделер, оларды қуғын-сүргінгі салар..." деп мәлімдеді. Ол бұған демографиялық ахуал себеп болатынын алға тартты. Оның айтуынша, кәрі құрлықта христиандардың туу көрсеткіші мұсылмандарға қарағанда мүлдем төмен. Айта кетейік, тек Дмитрий Смирнов қана емес, танымал православ священнигі Чаплин де осындай ойда. 

0 пікір
Мұрағат