Басын қатерге тігіп, мұсылмандарды қорғауға шақырды
Басын қатерге тігіп, мұсылмандарды қорғауға шақырды
7 жыл бұрын 2453 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мьянмадағы католиктер жетекшісі Азиядағы осынау шағын елдің басшыларын азшылықты құрайтын рохинялық мұсылмандарға қарсы жасалып жатқан әскери қылмыстар мен будда радикалдары тарапынан қуғын-сүргінге ұшырағанына көз жұма қарамай, тергеу амалдарын жүргізуге шақырды. 

Кардинал Чарльз Бо мәлімдемесінде осындай үндеу тастағаны үшін басына қатер төніп тұрғанын, алайда, өзін ешкім тоқтата алмайтынын жеткізді. "Көбісінің үні шықпай қалғанда да мен діни экстремизмге қарсы ойымды, ішкі босқындардың мұң-мұқтажы туралы, азшылықты құрайтындармен дұрыс қарым-қатынас жасау турасында ашық айтып келем",- деді жергілікті католиктер жетекшісі. Бұл жайында Radio Vatican ақпарат көзі хабар таратты. 

Янгон архиепископы Чарльз Бо Ракхайн штатындағы мұсылмандар басындағы қасіретті жағдайды осы елдің "ар-ожданына сойылып түскен тыртық" екенін айтты. 

Сондай-ақ, ол сөзінің соңында мұслмандарды қасиетті Ораза айтпен құттықтады.

0 пікір
Мұрағат