Бангладеште қауіпті лаңкес жазаланды
Бангладеште қауіпті лаңкес жазаланды
2 жыл бұрын 665

Бангладештегі аса ірі «Ислам жамағаты» деп аталатын партия жетекшілерінің бірі Мұһаммед Камаруззаман жазаға тартылды. Бұл жайында BBC.com ақпарат көзі хабар таратты. Бангладештің әскери қылмыстық істерді қарайтын трибунал 2013 жылдың мамыр айында әскери қылмысы үшін өлім жазасына кескен болатын. Бұл үкім тек үстіміздегі жылдың сәуір айының 11-і күні орындалды: ел астанасы – Дакка қаласындағы түрмеде лаңкесті дарға асты. Өлім жазасына кесілген лаңкес, дәлірегі, 1971 жылы Бангладештің Пәкістаннан азат болып, тәуелсіздігін жариялаған кезде орын алған геноцидке (жаппай қырып-жою – ред.) жол бергені үшін айыпталған еді. Айта кетейік, Мұһаммед Камаруззаманның ел президентінен кешірім сұрап, рақымшылығынан үміт етуге мүмкіндігі болса да ол мұндай қадамға барған жоқ. Осыдан бір жарым жыл бұрын аталмыш партия серкелерінің бірі Әбдіқадыр Молда да өлім жазасына кесілген болатын. Шығыстағы бенгалдықтар Пәкістаннан бөлінген еді. Бұған дейін 1947 жылға дейін Британия отары болған Үндістанмен бір мемлекеттің құрамында болды. Бангладештің ресми статистикалық мәліметіне қарағанда осы соғыста 3 млн адам опат болған. Ал тәуелсіз тарихшылар басқа дерек келтіріп отыр: шамамен бір жарым миллион. 

0 пікір
Мұрағат