Баламалы медицина (жануармен емдеу) заңдастырылды
Баламалы медицина (жануармен емдеу) заңдастырылды
4 жыл бұрын 3319 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Литва парламенті қаңтар айының 14-і күні баламалы медицинаны реттейтін заң жобасын қабылдады. Бұл жайында орыстардың regnum.ru ақпарат агенттігі хабар таратты. Бастапқыда адам денсаулығына өте қауіпті қызмет түрлері реттеледі. Мәселен, итпен емдеу (итпен ойнау, серуендеу, т.б.) – канотерапия. Немесе сүлгі салу, дельфинарияда емдеу, т.б. түрлері турасында айтылып отыр бұл арада. Мұндай емдік қызметтер лицензияланатын болады, соған сәйкес бұл салада тек тиісті біліктілігі бар мамандар ғана жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, аталған елдің билік тарапынан мақұлданған заң тұрғындарды ақша үшін арын сататын алаяқтардан қорғайды.

0 пікір
Мұрағат