Азиядағы ең бай адам
Азиядағы ең бай адам
8 жыл бұрын 4035 massaget.kz Bloomberg flagvruki.com С.Ерсін

Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды. Джек Маның байлығы 4,3 миллиард долларға өсіп, 33,3 миллиард долларды құраған. Рейтингте екінші орынды "Dalian Wanda" компаниясының негізін қалаушы Ван Цзяньлинь алды. Оның байлығы 32,7 миллиард долларға бағаланды. Азиядағы бай адамдардың ішінде Гонконг кәсіпкері Ли Кашин 29,5 миллиард доллар байлықпен үшінші орында тұр. Кәсіпкердің шын есімі "Ма Юн", алайда ол бүкіл әлемге Джек Ма атымен таныс. Джек Ма − Қытайдағы ең бай адам. Ол − "Alibaba" интернет-тауар сауда-саттық сайтының негізін қалаушы. 

0 пікір
Мұрағат