Ауызашар әрбір жанға жеткізіледі
Ауызашар әрбір жанға жеткізіледі
8 жыл бұрын 2158 ummet.kz

Біріккен араб әмірлігінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында 400 адам өз еркімен арнайы топ құрып, қала көшелерінде кептелісте іркілген жолаушыларға аузыашар таратуға бел байлады.

Белсенділер құрамы мұсылмандармен қатар, өзге дін өкілдерімен де толығуда. Олар қаланың ең кептелісті қиылыстарында ауызашар асын, жеміс-жидектер мен сусындарды көлік тізгіндеген адамдарға таратады.

«Қайырымдылық тек Рамазанмен шектелмеуі тиіс. Біздің команда кез келген мұқтаж адамға жыл бойына көмектесуге әзір. Ал Рамазанда бұл – өте маңызды» дейді белсенділердің бірі Саадия Патхан. 

0 пікір
Мұрағат