Ауғанстан «энергетикалық дәліз» болуға ұмтылуда
Ауғанстан «энергетикалық дәліз» болуға ұмтылуда
10 жыл бұрын 2891

Ауғанстан аумағынан өтетін газ құбырына қатысты жоба аяқталатын болса, бұл елдің алдағы екі жылдың ішінде «энергетикалық дәлізге» айналу мүмкіндігі бар. Бұл жайында осы елдің пайдалы қазбалар және мұнай өндіру министрінің кеңесшісі Шафик Шахрани хабарлады. 1735 шақырымға созылып жатқан «Түркіменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан» дәлізінің Ауғанстандағы «еншісі» – 735 шақырымды құрайды. Аталған елдер аумағынан газ құбырын тарту мәселесі өткен ғасырдың 90-шы жылдардың бас кезінде көтерілген болатын. Әйтсе де, Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесі ушығып тұрғандықтан аталмыш жоба кейінге шегеріліп келген еді. Бұл газ құбыры арқылы жылына Түркіменстаннан 33 млрд кубаметр газды тасымалдауға болады. Шафик Шахранидің айтуынша, Азияның төрт бірдей мемлекеті мүдделі жоба 2016 жылы қолға алынады. Бұл жобаның тағы бір кілтипан тұсы мынада: Түркіменстанның тек Қытайдан өзге шетелдік компанияларды кен орнына жібермейді. Бұған қосып айтарымыз, Ауғанстанның өз аумағында сонау 70-ші жылдары мұнай және газ кен орны табылған болатын. Бірақ, әлі игерілген жоқ. Бұл мәселеде ауғандар түріктердің   ТРАО ұлттық компаниясымен 150 млн долларға бағаланған келісімге қол қойған болатын.

0 пікір
Мұрағат