Ауғандардың жартысынан астамы кедейлік қамытын киген
Ауғандардың жартысынан астамы кедейлік қамытын киген
5 жыл бұрын 2377 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның статистика және ақпарат жөніндегі ұлттық басқармасы ел тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейі туралы баяндаманы жариялады. Бұл баяндама ЮНИСЕФ-тің және әлемге әйгілі Оксфорд университетінің қолдауымен жүргізілген зерттеу нәтижесі негізінде жасалған. Медициналық қызмет пен білім алу мүмкіндігі, табыс деңгейі, қауіпсіздігі және өмір сүру сапасы ескерілген арнайы зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, ауған халқының жартысынан астамы, яғни, 51,7%-ы көп қырлы кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Ауған кедейлерінің 60%-ға жуығы балалар. Кедейліктан зардап шегетіндердің дені (61,1%! ауылдық жерлерде тұрады. Ал қалалық жерлерде бұл көрсеткіш ел тұрғындарының санына шаққанда 18,1%. 

0 пікір
Мұрағат