Атеистер атасының сүйегі ақыры жер қойнына тапсырылатын болды
Атеистер атасының сүйегі ақыры жер қойнына тапсырылатын болды
7 жыл бұрын 9254 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік INTERFAX.RU ақпарат көзінің хабарына қарағанда, осы бейсенбіде дүниежүзілік пролетариаттың көсемі, әлем тарихын өзгерткен санаулы тұлғалардың бірі, бүгін коммунистер туған күнін атап өтіп жатқан, діндарлар мен тақуалардың соңына шам алып түскен, құдайсыздар қоғамын құрған Лениннің сүйегін жерлеудің құқықтық тетігі қарастырылған заң жобасы Мемлекеттік Думаның қарауына енгізілді. Бұл жайында Ресей либералды демократиялық партия атынан сайланған Дума депутаты Владимир Сысоев мәлім етті. Күн көсемнің сүйегін жер қойнына тапсыру мерзімі мен тәртібі және қайда жерленетіні ведомоствааралық комиссияның шешімі ескеріле отырып, белгіленетін болады. Айта кетейік, жуырда «Левада-Центра» ұйымы ресейліктер арасында Лениннің сүйегін жерлеуге қатысты сауалнама жүргізген екен. Нәтижесінде 32%-ы оның сүйегін Кремлде жерлеуді ұсынса, 26 пайызы Санкт-Петербордағы Волков зиратын қолай көрген. Ал 31 пайызы мавзолейде жата беруін қалаған. Яғни, жерлеуге қарсы екенін білдірген. Бүгін, яғни, сәуір айының 22-сі күні Лениннің 147 жасқа толған күні. Әлеуметтік желіде пікір білдірген ресейліктердің дені оны баяғыда жерлеу керектігін алға тартып отыр. Өйткені, олардың уәжі бойынша ендігі жерде Лениннің сүйегін мавзолейде сақтаудың өзектілігі мен маңыздылығы жойылған. Қоғамның өзгергенін алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат