Әскерін үйіп-төгіп жатыр
Әскерін үйіп-төгіп жатыр
6 жыл бұрын 3299 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ көктемде Ауғанстанға тәліптер қозғалысымен күресу үшін тағы 1000 сарбаз аттандыратын болды. Әзіргі бұған қатысты бұйрыққа аталған елдің қорғаныс министрі қол қойған жоқ. Алайда, АҚШ қарулы күштері армиясының штаб басшылары бұл бастаманы мақұлдап қойды. Пентагон қазіргі уақытта ауған жеріне қандай сарбаздарды аттандыратынын ойластырып жатыр. Айта кету керек, 2001 жылдың күз мезгілінен, дәлірегі, қазан айынын бері Ауғанстан жерінде әскери операция өткізіп келе жатқан АҚШ тарапы осы уақытқа дейін 2 мыңнан аса сарбазынан айырылған. Яғни, осынша сарбаз аталған уақыт аралығында ауған жерінде ажал құшқан. Тағы 20 мыңнан аса америкалық сарбаз жараланған еді. Қазіргі уақытта Ауғанстанда 15 282 америкалық сарбаз бар. 

0 пікір
Мұрағат