Аса қауіпті індет жайпап барады
Аса қауіпті індет жайпап барады
6 жыл бұрын 2739 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нигерияда көбінесе адам өлімімен аяқталатын аса қауіпті індет бас көтерді. Ласса безгегінен 31 адам көз жұмған. Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі аталмыш елдің денсаулық сақтау министрі Исаак Адебол Фолоруншоға сілтеме жасай, хабар таратты. Министр ресми түрде 105 адам қауіпті індетті жұқтырғанын растады. Олардың 77-і биыл, яғни, 2018 жылы жұқтырған. Індет жұқтырған 10 медицина қызметкерінің төртеуі осы кеселден өлген. «Бұрын Ласса безгегі тек құрғақ маусымда ғана бас көтеретін, жыл бойы осы індетпен арпалысатын болып жүрміз»,- деп мәлімдеді ол.

0 пікір
Мұрағат