АҚШ әскерін жаппай қысқартуға көшеді
АҚШ әскерін жаппай қысқартуға көшеді
6 жыл бұрын 2307 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі сарбаздар мен шенді әскерилердің қатарын азайтуды, яғни, ауқымды қысқартуды жоспарлап отыр. Пентагон әскердің барлық түрі әскери операцияларға бірден қойып кете алмайтын, яғни, ұрыс қимылдарына дереу араласуға дайын еместерін алдымен қысқартпақ. Мәселен, контракт мерзімі аяқталғандарды, денсаулығынан кінәрат табылғандарды әскер қатарынан шығарады, Бұл жайында Military Times ақпарат көзі хабар таратты. Кадрлық бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі міндет АҚШ Қарулы кұштерінің әскери дайындығын көтеруге саяды. Сержант-майор Джон Трокселла 235 мың әскеридің қысқартуға ұшырайтынын жеткізді. Бұл АҚШ әскерінің 11%-ын құрайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда АҚШ әскерилерінің қарасы 1,4 миллионға жуық. Бұған қоса, резервте тағы бір миллиондай адам тұр. АҚШ-тың биылғы қорғаныс саласына бөлген қаржысы, яғни, әскери бюджеті 610 млрд долларды құрайды.

0 пікір
Мұрағат