Арабтардың ирандықтарға ма әлде израилдіктерге ме, қайсысына бүйрегі бұрады?
Арабтардың ирандықтарға ма әлде израилдіктерге ме, қайсысына бүйрегі бұрады?
7 жыл бұрын 2974 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израилдің сыртқы қорғаныс министрі Авигдор Либерман Таяу Шығыста Иранға қарсы әскери одақты құру туралы жоспарды бекітті. Оның айтуынша, бұл одаққа «күнін көру үшін Израилге қарағанда Израилге өздері мұқтаж «момын мемлекеттер» кіруі тиіс. «Мұндай одақ ең алдымен өз мүшелерін қорғауы қажет. Олар Иранға қатысты қатаң санкция енгізуі керек»,- деді ол немістердің Die Welt мерзімді басылымына берген сұхбатында. Ол араб әлемінің Израилге қарағанда Иранның өздеріне әлдеқайда қауіп төндіретінін түсінгенін мәлімдеді. «Мұсылман ба, иудей ме әлде христиан ба, қайсысы туралы сөз болғанына қарамастан Таяу Шығыста террорға қарсы күш біріктіріп, одақ құрудың уақыты келді»,- деді ол артынша.

Алайда, Израилдің қорғаныс министрінің аймақтағы тыныштыққа мүдделілік тұрғысынан келгенде шындыққа жанасатын бұл мәлімдемесіне араб мемлекеттері әзірге үн қата қойған жоқ. 

0 пікір
Мұрағат