АҚШ-тың тағы бір штатында эвтаназия заңдастырылды
|
Мэн штатының губернаторы Джанет Миллс дәрігерлердің көмегіне жүгіне отырып, суицид жасауға мүмкіндік беретін заң жобасына қолын қойды. АҚШ аумағында эвтаназияны осымен оныншы штат заңдастырып отыр. Бұл жайында ABC News ақпарат көзі хабар таратты. "Адамның жеке басының бостандығы мен еркіндігін кеңейтетін бұл заң сирек қолданылады деп үміттенем",- деп ақталғандай болды ол осы жылдың қыркүейк айының орта шенінде қолданысқа енетін заңға қатысты түсініктемесінде. Қазіргі уақытта мұндай заң АҚШ-тың Калифорния, Колорадо, Орегон, Вашингтон штаттарында, Колумбия округынде қолданыста. Нью-Джерси штатында эвтаназияға сот арқылы рұқсат берілген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды
■
Қытай азаматтарын ағза донорлығына мәжбүрлейді деген күмән тудыруда
■
Жасанды зерде адамзатқа төнген қауіптің бетін қайтарудың тың тәсілін ұсынды
■
Мұнайға әлем бойынша жылдан жылға сұраныс азая бермек
■
Христиан елі халал бизнес орталығына айналмақ