АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...
АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...
5 жыл бұрын 3558 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2015 жылғы Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келісімнен шыққан АҚШ аталған елге санкиця салғанын жақсы білесіздер. Қайткен күнде де Иранды жаппай қырып-жоятын қаруды жасауын тоқтату әрі таратпауы үшін райынан қайтару мақсатында қолданылған қатаң экономикалық шектеу шарасы нәтиже бермеді. Олай дейтінімз, Иран экономикасы санкция салынғанына бірнеше айдың жүзі өтсе де майысса да сынбайтын шыбық секілді күйреген жоқ. Ұлттық валютасы аз уақытта қатты құнсызданып, инфляция шарықтау шегіне жетсе де Иран бойын тіктеп алды. Қазіргі уақытта Иранның азық-түлік бойынша қажеттілігінің шамамен 82 пайызын ішкі өндірушілер қамтамасыз етіп отыр. Бұл жайында Tasnim News ақпарат көзі Иранның ауыл шаруашылығын дамыту министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Иран ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Аббас Кешабазардың келтірген дерегіне қарағанда, елдің  арпамен өз-өзін қамтамасыз ету деңгейі 2014 жылдан бері 65 пайызға артқан. Ол ол ма, Иран әлемлік нарыққа қызанақ пастасы, сүт өнімдерін, макарон, т.б. экспортқа шығарады. Бұған қоса, мұнай өндіруші Венесуэладағы саяси толқулар мен наразылық шерулері әрі әлем қауымдастығының аталған елдегі болып жатқан оқиғаларға реакциясы Иранның оң жамбасына келіп тұр. Венесуэла да Иран секілді Қытайға мұнай экспорттайды. АҚШ-тың Венесуэлаға санкция салуынан Иран ұтпаса, ұтылмайды. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, АҚШ билігі Венесуэаладағы жағдайға байланысты әлемнің бірқатар еліне Иран мұнайын сатып алуға рұқсатын беруі мүмкін. Мұнай бағасының күрт шарықтап кетпесі үшін. Бұл жайында The Wall Street Journal ақпарат көзі хабарлады. Сөз орайы келгенде айта кетейік, бастапқыда АҚШ Иран мұнайын сатып алу деңгейін нөлге дейін жекізбек болған еді, кейін, дәлірегі, қазан айында серіктес елдерге, яғни, 8 елге (бұл турасында кезінде хабарлаған болатынбыз) Иран мұнайын сатып алуға рұқсатын берген болатын. Бір шартпен: Иран мұнайын сатып алуды біртіндеп азайтумен. Биыл қаңтар айында Иран тәулігіне бар-жоғы 1,1 млн баррелге тарта мұнай экспорттай алды, бұл көрсеткіш өткен жылы - 2,3 млн баррел болатын. Тәулігіне. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Иран мұнайының экспорты 45%-ға дейін кемуі тиіс, яғни, тәулігіне 600 мың баррелге дейін - экономикасы қайтып тұра алмастай күйреуі үшін. АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығуы геосаяттағы ең үлкен қателік. Сарапшылардың сөзі осындай. Өйткені, құмырадан шығарып жіберген жын секілді Иран билігі уран байытуда арттырмақ - яғни, 190 000 ЕРР.  Тәулігіне шамамен 60 центрифуг IR-6-ке дейін. Бұл жайында Иранның атом энергетикасы жөніндегі ұйым өкілі Бекруз Камалуанды мәлім етті. Тарқатып айтқанда, Иран уранды байыту деңгейін 3 пайыздан 30 пайызға дейін арттырмақ. Қажеттілікке байланысты. Бұдан бөлек, Аракада реактор жобасын қолға алмақ. Ол ол ма, Иранның ядролық технология саласындағы соңғы жетістігі саналатын оттегі - 18-ді жаппай шығаруға бел буып отыр. Яғни, аталған ел ядролық химия саласында айтарлықтай қадам жасап отыр. Сөз орайы келгенде айта кетейік, әлемде тек бес ел ғана оттегі - 18-ді өндіре алады. Құрамында оттегі - 18 бар ауыр судың әр келісі шамамен 30 мың долларға сатылады. 

0 пікір
Мұрағат