АҚШ Катар мен Түркиядағы авиабазасын көшірді
АҚШ Катар мен Түркиядағы авиабазасын көшірді
6 жыл бұрын 3494 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың пәрменімен  АҚШ Әскери әуе күштері Катардағы АҚШ-тың авиабазасын Сауд Арабиясына шұғыл көшірді. Бұған араб елдерінің Катарды террористерге дем берді деп айыптап, оқшаулағаны үшін емес, тактикалық тұрғыдан барды. Яғни, Саудия аумағында әскери ұшақтардың дер кезінде аймақтың кез келген түкпіріне үлгеруі үшін осындай қадамға барды АҚШ билігі. Кез келген кешігу, уақыттан ұтылу америкалықтарға тиімсіз, яғни, аймақтағы ықпалын әлсіретуге алып келеді. Естеріңізде болса, Түркия мен АҚШ арасындағы қатынасқа сызат түскенде Режеп Тайып Ердоған АҚШ билігінен Түркия аумағындағы «Інжірлік» базасындағы әскери ұшақтарын алып кетуді талап еткен болатын. Түркияның бұл талабы орындалды ма, жоқ па, ол туралы нақты ақпарат жоқ. Десе де соңғы уақытта АҚШ-тың әскери ұшақтары Шам аспанында ұшуды тоқтатқан еді. Соған қарағанда Түркия президентінің талабы орындалған секілді. Түркия аумағындағы "Інжірлік" авиабаза Таяу Шығыс аймағын толық бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін бірден-бір база болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат