Ақ жаулықты қажылар қарасы көбейіп келеді
Ақ жаулықты қажылар қарасы көбейіп келеді
7 жыл бұрын 2771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанда әйелдер тарапынан қасиетті сапарға аттанғысы келетіндер қарасы күрт көбейіп келеді. Нақтырақ айтқанда, аталған елде 35 және 60 жас аралығындағы әйелдер арасында қажылыққа барғысы келетіндер қатары артқан. Тек биылдың өзінде ғана 5 мың адамдай адам қасиетті сапарға аттануға ниет білдірсе, олардың қақ жартысы – әйелдер. Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасы келтірген мәлімет осындай. Қажылық ер-азаматқа ғана емес, әйелдерге де парыз етілгендіктен діни басқарма квота бөлуде теңдікті сақтауға тырысып отырғанын жеткізді Қырғызстан мүфтиінің орынбасары Әкімжан Ергешов. Мүфтият өкілінің айтуынша, жасы он сегізден асқан адамдар қажылыққа баруға өтініш бере алады. Жалғыз шарты: денсаулығы жарамды болғаны керек.  

0 пікір
Мұрағат